"Ол баланы бірде-бір рет ұрған жоқ": Бейбіт Шүменовтің әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген

15.07.2023, 15:36
1829
"Ол баланы бірде-бір рет ұрған жоқ": Бейбіт Шүменовтің әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген stan.kz

Астанада сауда орталығындағы төбелеске қатысты оқиға тағы жалғасты. Бейбіт Шүменовке қатысты сын толқынынан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri.Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі қазақстандық боксшының әйелі Кэридің (АҚШ азаматы) айтуы бойынша, Бейбіт Шүменов өзін қорғау мүддесінде ғана әрекет еткен. Кэри "жанжалды ушықтырмас үшін, бала көтерген ер адамнан кетуді өтінгенін" айтты.

"Мен кетуін сұрап, бірнеше рет айғайладым... Бейбіт ол кісі ұстаған баланы бірде-бір рет ұрған жоқ", - деп жалғастырды ол.

Кэридің айтуынша, ол "АҚШ-тағы ресми өкілдерден көмек сұрауға мәжбүр" болған. Ол Қазақстанның мемлекеттік органдарын "әрекет жасамады" және "деректерді елемеді" деп айыптады.

Бұл ретте Кэри оқиға болған күні бөлімшедегі полиция қызметкерлері оған сыпайылық танытып, кәсіби түрде әрекет еткенін атап өтті. Бірақ содан кейін "органдар тарапынан немқұрайлық" пайда болғанын айтқан.

Кэри ойын алаңында баласын басқа бала ұрып, жанжалдың екінші қатысушысы Шүменовке пышақ ала ұмтылды, кейінірек сынған бөтелкемен шабуыл жасады деп санайды. Әйел төбелес кезінде жарақат алғанын, ал күйеуі өзін қорғағанын айтады.

Айта кетсек, Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығының фуд-кортында жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген адамның кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған еді.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, оқиға 18 маусымда болған. Астанадағы "Mega Silk Way" сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлім етті.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады