708

230 000 теңгеге киім дүкенін жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде тұтынушы ер адам киім дүкенін жалған чекпен алдап соқты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

230 000 теңгеге киім дүкенін жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды
smartnews.kz

Ер адам дүкенге кіріп, бас киімнен аяқ киімге дейін таңдап тұрып, сауда жасаған. Артынша кассаға келген ол 230 000 теңге көлеміндегі төлем туралы жалған чекті сатушыға көрсетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Астана қаласының Байқоңыр аудандық полициясы арнайы іс-шара жүргізу арқылы дүкенді алдап соққан ер адамды қолға түсірді. Күдікті тергеуде түсініктеме берген.

Қазіргі уақытта «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып келеді. Сондай-ақ ер адамның бұған дейін де алаяқтық бойынша осыған ұқсас ісінің бар-жоғы анықталып жатыр.