Блогерлерге қыркүйек айына дейін кәсіпкер ретінде тіркелу міндеттеледі – БАҚ

15.07.2023, 20:54
906
Блогерлерге қыркүйек айына дейін кәсіпкер ретінде тіркелу міндеттеледі – БАҚ smartnews.kz

Әлеуметтік желілерде өз парақшаларына жарнама орналастыратын қазақстандық блогерлер қыркүйек айына дейін ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, бұл салықтан жалтарып, таза табысын көрсетпейтіндерге қатысты болмақ. Мұндай талап "онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы" жаңа заңда жазылған. Сондай-ақ блогерлерге жарияланған ақпаратты тексеріп қана қоймай, жарнама үшін салық төлеуге міндеттелетін болады. 

"Соңғы уақытқа дейін олар заңнамалық реттеу бойынша көлеңкеде қалды. Неліктен журналистердің өз заңы бар? "БАҚ туралы" заңда бәрі анық жазылған. Журналистің құқықтары мен міндеттері, не істеу керек, не істемеу керек, қалай жариялау керек деген сияқты. Блогерлерге келетін болсақ, бұндай болмады. Не қалайды, не жазады, не істегісі келеді өз еркінде болды. Сондықтан оларға осы Заңға өте мұқият қарау керек", - деп ескертті Парламентаризм институтының сот жүйесі орталығының басшысы Асқар Өстембаев.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заңды бірінші оқылымда-ақ мақұлдаған. Алдағы уақытта әлеуметтік желң қолданушыларының жауапкершілігі артып, заңнамада "блогер" және "инфлюенсер" ұғымдары пайда болады. Мәселен, онлайн платформаны табыс көзіне айналдырған пайдаланушылар салық төлеуге міндеттеледі. Ал ақпараттың жалған екендігін біле тұра таратқан кісі жауапқа тартылады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді