"Қайыспайтын әйел жоқ шығар": Роза Рымбаева жарының қазасынан соң қалай күш жинап, сахнаға шыққанын айтты

16.07.2023, 10:24
746
"Қайыспайтын әйел жоқ шығар": Роза Рымбаева жарының қазасынан соң қалай күш жинап, сахнаға шыққанын айтты "Жібек жолы" арнасы

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева 23 жыл отасқан жары Тасқын Оқапов көз жұмған соң, сахнаға қалай оралғанын айтты. Бұл туралы "Еркін сұхбат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қайыспайтын әйел жоқ шығар. Жарынан айырылғанда, шиеттей екі баламен қалғанда, қайыспайтын адам жоқ шығар. Ол менің өмірдегі, өнердегі қолбасшым ғой. Қолбасшыдан айырылған соң таңдау керек болды. Балалармен үйде отырып, қарапайым әйелдің өмірін кешу ме? Әлде, барлығын бірге алып жүру ме?

Алып жүру болды. Себебі менің негізгі мамандығым осы. Екі ұлыма тірек болғым келді. Екеуі де музыка мектебіне барды. Соларға үлгі болғым келді.

Тағдырымның кейбір күрсінетін кездерін халыққа әнмен жеткіздім ғой. Ең бірінші маған халық үлкен қолдау көрсетті. Халықтың көмегімен тезірек сахнаға шығып, тезірек гастрольге шығып, солармен сахнада ән арқылы сырласып, қуанышымды-қайғымды бөлістім. Былай айтқанда, мені сахна алып қалды деп айтуға болады.

Кез-келген шығармашылық адамы өз шығармашылығы арқасында күйзелістен де, кейбір қиыншылықтан да шығатын сияқты. Өзім сахна әртісі болғандықтан, солай ойлаймын" - деді Роза Рымбаева. 

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады