620

Тобылда есірткі сатушының құны 100 млн теңгеден асатын синтетика партиясы тәркіленді

Қостанай облысында полициялар есірткі сатушыны ұстап, синтетика партиясын тәркілеп алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тобылда есірткі сатушының құны 100 млн теңгеден асатын синтетика партиясы тәркіленді
polisia.kz

«Қарасора» жедел операциясы шеңберінде, күдіктіні Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобыл қаласында ұстаған. 
     
Сондай-ақ Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов облыстың 31 жастағы тұрғынын ұстау жөніндегі операцияның мән-жайын айтты.

— Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобыл қаласында полиция қызметкерлері тінту кезінде 3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген күдіктіні ұстады. Бұдан басқа, 2 мыңнан астам оралған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлемді құрайды, - дейді ведомство өкілі.

Қостанай облысында "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы өткізіле бастағаннан бері 10 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Мұндай партияның құны 100 млн. теңгеден асады. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат - "мефедрон" синтетикалық препараты. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынған.