768

Елорда мен бірнеше өңірде Kcell абоненттері интернетсіз қалды

Kcell абоненттері таңертеңнен бері интернетсіз қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Елорда мен бірнеше өңірде Kcell абоненттері интернетсіз қалды
smartnews.kz

Бүгін таңертең Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлердің бірқатар қалаларында деректерді беру сервисінің болмау фактісін анықталған.

Kcell компаниясы баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта мамандар сервистің жұмысын тезірек қалпына келтіру үшін  себебін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Kcell компаниясы жаппай ұялы байланыс және интернет тарифтерінің бағасын абоненттерге ескертусіз көтерген болатын. Операторды қолданушылардың басым бөлігі бұған қатысты әлеуметтік желіде шағымданған болатын.