784

Жұмысынан айырылған 110 мыңнан астам адам қордан төлем алған

Әлеуметтік төлем алатын жұмыссыздар саны белгілі болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жұмысынан айырылған 110 мыңнан астам адам қордан төлем алған
smartnews.kz

Биыл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылып, әлеуметтік төлем алушылардың саны 110,6 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 97,4 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне, әрі соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады. Бұл төлем жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.