Елде ұлттық спортпен айналысатындар саны 35% өскен

17.07.2023, 11:26
618
Елде ұлттық спортпен айналысатындар саны 35% өскен el.kz

Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35% - ға өскен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Егер 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл сан 584 мың адамға жеткен.
 
Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген. Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады.

Ал бірнеше облыста спортшылар саны бірден 10 мыңға өсті. Бұл Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін).
 
Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді.
 
Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр.
 
Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек статистиканың қарқынды өсуіне қатысты пікір білдірді:

«Ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығының артуы — бұл Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. Әрине, бұл ірі халықаралық турнирлерді өткізу ғана емес. Мысалы, қажет инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, елімізде 16,5 мыңнан астам жаңа үйірмелер ашылды, қолданыстағы жарыстардың форматы өзгеруде», - дейді вице-министр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді