556

Баспаналы болғысы келгендер қаржы пирамидасына алданып қалды

Астанада "Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Баспаналы болғысы келгендер қаржы пирамидасына алданып қалды
smartnews.kz

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам тұрғын үй сатып алу жайлы жалған бағдарлама жасап, клиенттерден 300 000-нан 5 000 000 теңгеге дейін инвестиция ретінде ақша алып, жалған шарт жасасқан.

Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, тұрғын үйді 6-10 айдан кейін беруге уәде еткен. Ал артық төлем 30% - дан 60% - ға дейін болады деп уәде еткен. Десе де, азаматтар уәде етілген пәтерлерді алмай, салынған қаражатты қайтара алмаған.

Алдағандарға келтірілген материалдық шығын шамамен 450 млн теңгені құраған. Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта қамауда отыр.

Материал авторы