Қазақстан күріші қай елдерге экспортталады

17.07.2023, 13:55
638
Қазақстан күріші қай елдерге экспортталады smartnews.kz

Биыл қаңтар–мамырда елімізде 72,1 мың тонна қауыз немесе жарма күріш өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 19 пайыз аз, деп хабарлайды smartnews.kz сайты energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлер ішінде барлық өнімнің 90,4 пайызы дәстүрлі түрде Қызылорда облысының үлесіне тиеді: 65,2 мың тонна, жылдық кемуі 21,3 пайыз. Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында да тиісінше 4,7 мың, 2 мың және 138 тонна өндірілді.

Жалпы, 2022 жылы республика бойынша 213,4 мың тонна күріш өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8 пайызға көп.

Биыл қаңтар–сәуір айларының қорытындысында қазақстандық күрішшілер сектордағы сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 95,3 пайыздың орнына 91,9 пайыз қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 8,1 пайыз өсті: елге 5,1 мың тонна күріш әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,5 пайызға көп.

Ағартылған күріш экспорты бұл ретте 11,8 пайызға артып, 32 мың тонна болды. Ал пайдаланылған ресурстардағы экспорт үлесі былтырғы 38,2 пайыздан биыл 50,6 пайызға өсті.

Ішкі нарықтағы сатылым, керісінше, бір жылда бірден 32,6 пайызға, 31,3 мың тоннаға дейін қысқарды.

Биыл қаңтар–сәуір қорытындысы бойынша Қазақстаннан 11,3 млн АҚШ доллары сомасына 32,7 мың тонна күріштің барлық түрі экспортталды. Өсім физикалық мәнде 12,3, ақшалай түрде 3,1% пайыз ғана болды.

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтіледі: 11 млн АҚШ долларына 32,4 мың тонна. Экспорт көлемдік мәнде 19,1, құндық мәнде 11,1 пайыз өсті. ТМД елдерінің ішінде қазақстандық күріштің негізгі сатып алушысы Өзбекстан: бір жыл бұрын 1 мың тонна болса, қазір 14,3 мың тонна. Ресей мен Тәжікстан да үздік үштікке енді.

Қазақстан ТМД-ға кірмейтін әлемнің қалған елдеріне 309 тонна күріш жөнелтті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 84 пайыз аз. Мұнда қазақстандық күріш импорты бойынша Моңғолия, АҚШ және Грузия көш бастап тұр.

Елімізде биыл маусымда жылтыратылған және тазартылған күріштің келісі орта есеппен 604 теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 47,6 пайыз қымбаттады.

ҚР ірі қалаларының ішінде күріш Оралда (келісі 828 теңге), Ақтауда (787 теңге) және Астанада (721 теңге), ең арзаны Талдықорғанда (459 теңге), Петропавлда (463 теңге) және Қызылорда (495 теңге).

Күріш бағасының ең көп жылдық өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 80,7 пайыз. Одан кейін Түркістан (74%) және Ақмола (64,6%) облыстарында. Ең аз жылдық өсім Атырау облысында тіркелді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды