Оңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан 49 адам қайтыс болды немесе із-түзсіз жоғалып кетті

17.07.2023, 14:29
589
Оңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан 49 адам қайтыс болды немесе із-түзсіз жоғалып кетті Yonhap

Оңтүстік Кореяның орталық бөлігінде су басып қалған жерасты жолынан тағы да төрт адамның мәйіті табылып, нөсер жауын салдарынан қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалып кеткендер саны 49-ға жетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбі күні нөсер жауыннан кейін жақын маңдағы өзен арнасынан асып, Чхонджу қаласындағы Осонг жерасты жолын су басып қалған. Салдарынан 15 көлік, оның ішінде автобус су астында қалды.

Түнде тағы төрт адамның мәйіті табылып, қаза тапқандар саны 13 адамға жетті.

Табиғат апаттарымен күрес және қауіпсіздік шаралары орталық басқармасының ақпараты бойынша, елде 39 адам, оның 19-ы оңтүстік-шығыстағы Солтүстік Кенсан провинциясында нөсер жауын салдарынан қаза тапты.

Таңғы 6-дағы жағдай бойынша тоғыз адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, оның төртеуі Солтүстік Кёнсан провинциясында, 34 адам жарақат алды.

Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі құтқарушылар су басып қалған жерасты жолын құрғату операциясын жалғастырып жатыр. Онда болжам бойынша, 10 автокөлік су астында қалған.

Елде 10 570 адам өз үйлерінен эвакуацияланды.

Нөсер жауын 628 қоғамдық нысан мен 317 басқа да жеке нысанды бүлдірді, оның ішінде 146 жол опырылды немесе су шайып кетті, 139 үй су астында қалды.

28 607 үй жарықсыз қалды. Дүйсенбідегі жағдай бойынша, бұл үйлердің көбінде жарық қайта қосылды.

Сейсенбі Чхунчхонда және оңтүстік өңірлерде 200 мм-ге дейін, елдің басқа бөлігінде 10-нан 100 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)