Қазақстаннан шығарылған заңсыз қаржыны қайтаруға АҚШ қол ұшын созбақ

17.07.2023, 15:25
475
Қазақстаннан шығарылған заңсыз қаржыны қайтаруға АҚШ қол ұшын созбақ smartnews.kz

Қазақстаннан шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға АҚШ тарапы көмектесуге дайын. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың айтуынша, Ақ үй мен Конгресс өкілдері еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы қадамдарын құптап отыр.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, Вашингтонда қазақстандық делегация екі елдің байланыстын арттыру бойынша бірқатар кездесу өткізген. Соның ішінде заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару туралы Қазақстанның атқарып жатқан жұмыстарын АҚШ тарапы оң бағалған. Сондықтан заңсыз шыққан активтерді іздеуге және қайтаруға қолдау көрсетеді әрі тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Америкада бұл мәселе өте өзекті. Олар мұндай заңсыз әрекетпен әлем бойынша күресіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның бұл бағыттағы қадамын құптап отыр. Бізге заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың заңды тетіктерін ретке келтіру керек болды. Америка тарапы бұл мәселеде бізбен тығыз жұмыс істеуге дайын. Әрі біздің өтінішіміз бойынша қол ұшын созады, - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.

АҚШ-тың заңсыз әрекеттерді әшкерлеп, салықтан жалтарумен күресте тәжірибесі мол. Тіпті қайбір жылдары мыңдаған азаматының швейцариялық банктердегі есепшоттарын аштыртып, миллиардтаған доллар салықты қайта төлеткен болатын.

БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі әйелін 10 жыл бойы азаптаған: Карина Мамаш үндеу жариялады (видео) Алматыдағы Әзербайжан-Армения келіссөзінің қашан өтетіні белгілі болды Биыл Уругвайда Қазақстанның консулдығы ашылады «Айбын» орденінің І дәрежесіне неге Бауыржан Момышұлы емес, Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді SpaceX ғарышқа саяхат билеттерін сатуды 2024 жылы бастайды Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар азамат арнаулы әскери атақ алды ШҚО-да қараусыз қалған 2 жасар бала суға батып кетті Димаштың Будапешт қаласындағы концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен адам келді Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемде үшінші орында тұр Еліміздің қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін «Келіншегімнің идеясы»: әнші Кalifarniya 21 отбасына баспана сыйлайды Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті Бұдан былай тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады Шымкентте полиция шақырған қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған (ВИДЕО) Төреғалидан кейін 10 жыл күттік: Фариза Төреәлінің әкесі қызына қатысты көпшілікке беймәлім деректі айтты «Реал» 36-рет Ла Лига чемпионы атанып, рекорд орнатты 9 мамырға орай қазақстандық ардагерлерге қанша ақша бөлінді: министрлік хабарлама жасады «6-10 жас аралығында»: Атасы немересін бірнеше жыл зорлап келген (ВИДЕО) Қазақстандықтар енді Вьетнамға визасыз бара алады Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды