Талдықорғандағы оқушыларды форманы бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеп жатыр

17.07.2023, 17:24
720
Талдықорғандағы оқушыларды форманы бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеп жатыр smartnews.kz

Оқу жылының басталуына екі айдан сәл аз уақыт қалды. Осы тұста ата-аналар балаларына мектеп формасын іздей бастады. Бірақ Талдықорғанның кейбір оқу орындарында белгілі бір өндірушінің ғана киімін "таңдау" туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-аналардың бірінің айтуынша, мектеп чаттары алдағы оқу жылына арналған мектеп формасының түрлері мен стилін белсенді түрде талқылай бастады. Кейбір оқу орындарында мұғалімдер балаларға киім алу керек дүкендердің мекенжайларын беріп қойған.

"Бізге Glasman фирмасынан мектеп формасын сатып алу керек екенін айтты. Маған бұл өндірушінің сапасы ұнамайды. Сондықтан басқа компанияны таңдағым келеді. Ата-аналардың көбі келісіп, осы дүкендерге бармақ. Ал мен үшін бұл лобби жасау, жеке киім дүкендерінің мүддесі", - деді Zakon.kz тілшісіне жергілікті Мақпал есімді тұрғын.

Талдықорған қаласының білім бөлімі әкімдіктен белгілі бір өндірушіден киім сатып алу туралы нұсқау жоқ екенін айтты. Керісінше, қала билігі мұндай мәжбүрлі сатып алуды тоқтатуды көздеп отыр.

"Біздің тарапымыздан мұндай нұсқау болған жоқ. Мектептер белгілі бір фирмалардан форма сатып алуға міндеттемесін. Белгілі бір мердігерден мектеп формасын сатып алуға мәжбүрлеген жағдайда дереу білім бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді Zakon.kz сайтына қалалық білім бөлімінен Жасұлан Қанағатов.

Бүгінде Талдықорған мектептерінде 33 мың бала білім алып жатыр. Биыл бірінші сыныпқа 2700 оқушы барып, алғаш рет партаға отырады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды