Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

17.07.2023, 18:38
686
Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Моңғолияда джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

«Моңғолияда жалауы желбіреген ересектер мен ардагерлер спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 15 шілде басталды. Әлемдік додаға 41 елдің 500 спортшысы бақ сынап жатыр. Спортшылардың арасында Қазақстан намысын қорғаған атыраулық Жеңіс Нұрлыбаев 56 келіде сынға түсті. Ол қарсыластарының бәрінен басым түсіп, джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін әлем чемпионы атанды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

photo

Бұл – Жеңіс Нұрлыбаевтың әлемдік додадағы екінші жеңісі. Ол 2021 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында спорттың осы түрінен өткен әлем чемпионатында алғашқы алтын медальге ие болған еді

Ал Моңғолияда өтіп жатқан әлем чемпионатында атыраулық тағы үш спортшы табысты өнер көрсетті. Оның бірі – әйелдер арасында сынға түскен Әйгерім Төреғожина күміс медальды иеленді.

Сондай-ақ атыраулық ардагер спортшы Русланхан Мадыханов та әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Тағы бір ардагер спортшы – Атырау облыстық джиу-джитсу федерациясының президенті Есенғалиев Айбар қола жүлдеге ие болды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген