Алматы қалалық прокуратураның мәліметінше, лагерьді қаржыландыру жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қаласы Білім басқармасының бюджетінен жүзеге асырылған. Бұл ретте ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келмеген. Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.
«Істерді тергеу шеңберінде болған оқиғаның мән-жайы анықталып, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары мен лагерь ұйымдастырушыларының іс-әрекеттеріне баға берілетін болады. Өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды. Аталған істер прокуратура органдарының ерекше бақылауында», - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.