882

Жыл басынан бері мүгедек пен асыраушысы жоқ жандарға 274 млрд теңге төленген

Қаңтар айынан бері мүгедектігі бар және асыраушысы жоқ азаматтар жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 244 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жыл басынан бері мүгедек пен асыраушысы жоқ жандарға 274 млрд теңге төленген
smartnews.kz

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылғандарға шамамен 30,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 536,2 мың адамды, асыраушысынан айырылғандар саны – шамамен 198,2 мың адамды құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 92,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу санаты бойынша әлеуметтік төлем, ал 59,6 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылғандар әлеуметтік төлем алған.