Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу ​​міндеттеледі

18.07.2023, 11:54
2892
Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу ​​міндеттеледі smartnews.kz

Көрші мемлекет Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді ​​міндеттейтін жаңа заң қабылданды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Заңға сәйкес, енді қырғыз тілі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелер мен ұйымдардың қызметінде міндетті түрде қолданылуы тиіс.

Сондай-ақ елдегі депутаттар, құқық қорғау органы қызметкерлері, білім беру ұйымының мамандары мен дәрігерлер де қырғызша білуге міндетті.

Телерадиокомпаниялар да бағдарламаларының кемінде 60% қырғыз тілінде көрсетуі қажет. Ал шетелдік ұйымдардың атауы мемлекеттік тілге транслитерациямен беріледі.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада былай көрсетілген:

«Қырғыз Республикасы өз аумағында тұратын барлық этнос өкілдерінің өз тілін еркін пайдалану қағидасын ұстанады және осы тілдердің дамуына жағдай жасауға кепілдік береді. Қырғыз Республикасының әрбір азаматы өз ана тілін сақтауға, оқуға, әрі дамытуға жағдай жасауға құқылы», - делінген.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда қырғыз тілі заңды түрде мемлекет тіл боп бекітілген. Орыс тілі ресми тіл ретінде ғана қолданылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды