Желі қолданушысының бірі Айжұлдыз Адайбековадан бұрынғы күйеуінің қайта үйленуіне қатысты қандай ойда екенін сұраған.
"Бәрін қоя берші, Қыранды (Талапбек - рек.) айтсайшы. Саған ұқсаған біреуді тауып алыпты", - деп жазған Айжұлдыздың оқырманы.
Ал Айжұлдыз Адайбекова бұл жағдайға қатысты көзқарасын айтты.
"Мені бұл тақырыптан қашады деп ойладыңыздар ма? Әрине, жоқ! Алла бақ берсін. Бақытты, балалы болсын! Өте жарасымды жұп. Маған ұнайды. Оған неге сонша ашулысыздар? "Біреу үшін қуана білу - тақуалықтың белгісі" деген исламда жақсы сөз бар. Тоқсан тоғыз бәле - тілден. Бәрі Алланың қалауымен, бақыт тілеп қуаныңыздар. Мен де тілекшімін", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбектің ортақ ұлы бар.