Серік Күдебаев өз кінәсін толық мойындап, жаза ретінде айыппұл салуды сұрады
Алматы облысы Кеген аудандық сотында экс-генерал Серік Күдебаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген. Сотталушы өкініп, өз кінәсін толық мойындады,деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Мен өз кінәмді толық мойындаймын», - деді С.Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.
Адвокаттың айтуынша, істі қарау барысында экс-генерал өзіне тағылған айыпты мойындаған.
Осыны, сондай-ақ Серік Күдебаевтың сотталғанын ескере отырып, қорғаушы тарап оған 500 АЕК (1 млн 725 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде балама жаза тағайындауды сұрады.
Адвокат оның қорғаушысы қылмыскер емес екенін, өз қателігін түсінгенін атап өтті.