504

Астанадағы коммуналдық қызметтердің тарифі қаншалықты қымбаттайды

Тарифтердің бағасы Елордада қаншалықты көтерілгені жайында smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанадағы коммуналдық қызметтердің тарифі қаншалықты қымбаттайды
smartnews.kz

1 шілдеден бастап Астанада кейбір коммуналды қызмет түрінің тарифы қымбаттайтыны туралы айтылған болатын. Ал 1 тамыздан бастап жылу тарифінің бағасы өсетінін Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі бөлмелі пәтердің орташа коммуналды қызмет тарифінің чегі мынадай болмақ:

— су мен канализация үшін (30 кубометрге) – 300 теңгеге көтерілді. Шамамен 1448 теңгеден 1748 теңгеге дейін.

— жылу үшін (1,25 Гкал) — 650 теңге. Шамамен 3218 теңгеден 3871 теңгеге дейін.

— электрқуаты, жарық үшін (94 кВт) — 335 теңге. Шамамен 1968 теңгеден 2303 теңгеге дейін.
 
Бір бөлмелі пәтер үшін:

— су мен канализация үшін (20 кубометрге) – 200 теңгеге көтерілді. Шамамен 960 теңгеден 1 160 теңгеге дейін.

— жылу үшін (0,7 Гкал) — 360 теңге. Шамамен 1776 теңгеден 2137 теңгеге дейін.

— электрқуаты, жарық үшін (72 кВт) — 200 теңге. Шамамен 1220 теңгеден 1420 теңгеге дейін.

Елорда бойынша коммуналды қызметтердің ішінде ең қымбаты — жылу тарифі.

Еске сала кетсек, премьер-министр Әлихан Смайылов аз қамтылған отбасылар үшін тариф бағасы өзгеріссіз қалатынын ескерткен болатын.

Материал авторы