874

Шымкентте жол ортасында тикток билеген қызға айыппұл салынды

Жол қозғалысын тежеп, тикток түсірген қызға айыппұл салынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Шымкентте жол ортасында тикток билеген қызға айыппұл салынды
polisia.kz

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа мониторинг жүргізу барысында Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлері өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтаған.

Тиктокер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған. Биді қыздың өзі, одан бөлек көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

40 секундқа созылған би қойылымын қозғалыстағы көліктердің сигналы үзген. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірген.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады.

Тиктокер қызға ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Материал авторы