Енді Астанадағы құлпытастарды 1 метрден биік етіп орнатуға тыйым салынады
Құлпытастар мен бейітке қатысты бірқатар жаңа ережелер жасалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасы мәслихаттың қарауына Елордада жерлеу мен қабірлерді орнату жөніндегі жоралғыларға жаңа қағидаларын ұсынды.
Бейітті жобалау ережелері мынадай нормалармен толықтырылған:
— Қабір үстіндегі құрылыстарды (құлпытастарды), қоршауларды тек берілген жерлеу орындарының шекараларында орнатуға болады.
— Қабір үстіндегі ескерткіш пен қоршаудың биіктігі 1 метрден аспауы тиіс.
— Орнатылатын қабір үстіндегі құрылыстардың (құлпытастардың), қоршаулардың берілген жерлеу орнының шекарасынан шығып тұратын немесе оның үстіне ілінетін бөліктері болмауы тиіс.
Құлпытастардағы жазулар сол жерде жерленгендер туралы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
Сондай-ақ зират әкімшілігінің құзыреті ішкі ережелерді бекіту үшін зират аумағына салттық қызмет көрсету тәртібін анықтау құқығымен толықтырылған.
Материал авторы