Астанада II республикалық чемпиондар ойындары өтеді

19.07.2023, 12:07
739
Астанада II республикалық чемпиондар ойындары өтеді smartnews.kz

Астанада 21-23 шілде күндері II республикалық чемпиондар ойыны өтпек. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ауқымды шара «QAZAQSTAN» Жеңіл атлетикалық спорт кешені мен «Алау» Мұз Сарайында өтеді. University Medical Center Корпоративтік қоры мен "ФЕНИКС" Қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырған II Республикалық Чемпиондар ойындарына - чемпион балалар қатысады. 

UMC Ана мен бала орталығында «чемпион балалар» деп онкогематологиялық аурулардан ремиссияға шыққан және ағза трансплантациясы жасалғанына бір жылдан аса уақыт өткен пациенттерді атайды.

Чемпиондар ойындарының көздеген басты мақсаты – ауыр дертке шылдыққан балалар мен олардың ата-аналары, дәрігерлері мен барлық медициналық қызметкерлерді жігерлендіруге бағытталған.

Жарыстар келесі спорт түрлері бойынша өткізіледі: «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындары, жеңіл атлетика (60м жүгіру), үстел теннисі, ату (пневматикалық винтовка, 10м.), мини-футбол, шахмат (швейцарлық жүйе бойынша), боулинг, бадминтон, жүзу.

Әділқазылар алқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен спорстмендері төрелік етеді.
 
Сондай-ақ чемпион балалардың ойындарына құрметті қонақтар болып ҚР Денсаулық сақтаудың вице-министрі Вячеслав Дудник, ҚР көлік пен жолдарды дамыту басқармасының өкілі Ержан Диханбаев, «Қазақстандық спортшылар одағы» АҚҰ төрағасы Азамат Қарлығашев, «Қазақстандық спортшылар одағы» АҚҰ төрағасының орынбасары Дамир Сатыбаев, «Барыс» ХК хоккеисті Алихан Асетов, көркем гимнастика бойынша ҚР халықаралық санаттағы спорт шебері Анна Алябьева, сондай-ақ радиожүргізуші және дубляж актрисасы Майра Толепберген қатысады. Ал іс-шара жүргізушісі, әрі амбассадоры - Қазақстан Республикасының театр және кино актері Асқар Ильясов.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)