Smart Astana қосымшасында қауіпсіздік бойынша жаңа қызметтер пайда болды

19.07.2023, 13:49
645
Smart Astana қосымшасында қауіпсіздік бойынша жаңа қызметтер пайда болды smartnews.kz

Smart Astana мобильді қосымшасында есірткімен күрес, ұрланған заттарды тексеру, ойын-сауық орталығының қауіпсіздігі бойынша жаңа қызметтер пайда болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Smart Astana - 2015 жылы ашылған мобильді қосымша.

Онда қала тынысын назарда ұстауға көмектесетін ақпараттар легі, қалалық қызметтерді қолдануды жеңілдететін функциялар жинақталған.

«Қосымшаны пайдаланушыларға шұғыл қызметтерден пуш-хабарламалар келіп отырады. Мысалы, төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты үздіксіз жарияланады. Сондай-ақ автобустардың қозғалысы, қоғамдық көліктер туралы ақпарат, ауаның ластану деңгейі, ауа райына байланысты сабақтың болмайтыны немесе қашықтан өтетіні, қалада өтетін ауқымды іс-шаралар туралы ақпарат беріліп отырады. Оған қоса, Астана су арнасына үйдегі су көрсеткіштерін де онлайн жіберуге болады. Жобаның негізгі мақсаты - елорда тұрғындары мен қонақтарына ақпаратты қолжетімді ету, қалалық қызметтер мен сервистердің сапасын жақсартуға үлес қосу», - деді Smart Astana жобасының жетекшісі Айдын Еспек Астана қаласының коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, Smart Astana қосымшасында 2023 жылдан бастап Ішкі істер министрлігімен бірлесе дайындалған «қауіпсіздік» сервистерінің жаңа санаты іске қосылған.

«Мәселен, «Есірткіге жол жоқ» деп аталатын өтінім жіберу функциясы Астана қаласында есірткінің таралу орны туралы ақпаратты жергілікті органдарға жылдам жеткізуге көмектеседі. Тағы бір жаңа функция – «төтенше жағдайдағы әрекеттер алгоритмі» нұсқаулығы. Ол қандай да бір қауіпті жағдай туындаса, уақытылы әрекет етуге көмектеседі. «Ұрланған құрылғылар базасында тексеру» функциясы да тұрғындар арасында белсенді пайдаланылуда. Себебі, қолданылған құрылғыны аларда осы база арқылы тексеруге болады», - деп түсіндірді спикер.

Ал «Велосипедті тіркеу» қызметі ұрлық сынды жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Ол үшін тұрғындар велосипедін техникалық құжаты бойынша тіркеуі керек.

Сондай-ақ велосипедпен жүруге өтініш беру мүмкіндігі де осы қауіпсіздік сервисінде қамтылған.

Кейін жоғалған жағдайда сол бойынша хабарласып, өтінім жіберуге болады.

«Smart Astana» қосымшасындағы тағы бір қызмет – ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейі. Бұл сервисте қауіпсіздік үшін мекеме иесі қабылдаған шараларға байланысты, ойын-сауық орталықтарының рейтингі беріледі. Онда өрт сөндіру құралдарының, бейнебақылау және мамандандырылған күзет қызметінің, дабыл түймелерінің болуы, сондай-ақ мекеме аумағында жасалған қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар саны ескеріледі. Азаматтардың «102» арнасына құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін шағымданған өтініштері де назарға алынады. Бұл рейтинг тек ұсыныс сипатында, ал мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - дейді Айдын Еспек.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады