Маңғыстау облысындағы жалғыз құс фабрикасы жабылудың алдында тұр

19.07.2023, 15:33
954
Маңғыстау облысындағы жалғыз құс фабрикасы жабылудың алдында тұр «Respublica» партиясы

Өңірлерді аралау бағдарламасы аясында «Respublica» партиясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдарбек Ходжаназаров пен Динара Наумова Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мәжілісмендер сапары барысында ауыл халқымен кездесіп, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысып, әлеуметтік саланың, медициналық көмектің, кәсіпкерлікті дамытудың түйткілді мәселелерін талқылады.

«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров бастаған делегация Маңғыстау облысындағы жалғыз ірі «Ақтау Агро» құс фабрикасында болды. Құрамында ет бағытындағы құс фабрикасы мен түйіршіктелген аралас жем шығаратын цех бар кәсіпорын. Бірақ қазір компания жабылу алдында тұр.

«Біз өз өнімдерімізді сатуда және қажетті қолдауды алуда айтарлықтай қиындықтарға тап болып отырмыз. Біздің команда жұмыс орындарын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады және жасауда. Дегенмен, бізге қазір өнімді өткізу және өндірісімізді қолдау үшін айналым қаражатын алуда қолдау қажет», - дейді кәсіпорын директоры Данияр Тұрғынов.

Оның айтуынша, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы нормалар мен шектеулерге сілтеме жасай отырып, әлеуметтік маңызы бар өнімді форвардтық сатып алуға көмектеспейді. Сонымен қатар жергілікті мұнай компаниялары да міндеттеменің жоқтығынан жергілікті өнімді сатып алуға мүдделі емес, бұл сатуда қосымша қиындықтар туғызады және бұл кәсіпорынның тұрақтылығы мен болашағына айтарлықтай әсер етеді.

Өз кезегінде Айдарбек Ходжаназаров жергілікті кәсіпорынның халық пен ел экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бұл мәселені Мәжіліс қабырғасында көтеріп, осы мәселелерді шешуге күш салуға уәде берді.

«Өнімді сату және қолдау алу мәселелерін шешуге күш саламын. Сондай-ақ жергілікті мұнай компаниялары мен ӘКК-ге жергілікті өнімдердің маркетингін талқылап, ынтымақтастық жолдарын іздеймін. Біздің міндетіміз – кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өңірдегі ауыл шаруашылығына қолдау көрсету», - деді депутат.

Сондай-ақ Мұнайлы ауданындағы жем-шөп зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, құс фабрикасынан бөлек жергілікті фермалар да осы жердің жем-шөбімен қамтамасыз етілген.

Бұдан кейін депутаттар Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, тұрғындар өзекті мәселелерін көтерді. 

Атап айтқанда, жедел белгілері бар ауыл тұрғындары сақтандырудың жоқтығынан қаладағы ауруханаларға түспейді. Жедел жәрдем шақыртуларға жедел ауырсынуды жеңілдету үшін дәрі-дәрмексіз келеді. Ауылдық жерлерде инженерлік желілердің жоқтығынан қоқыс шығару мәселесі өткір тұр. Балық шаруашылығындағы түйткілді мәселелер де сөз болды. Депутаттар облыстың барлық түйткілді мәселелерін Үкімет деңгейінде көтеруге дайын екендіктерін жеткізді.

Бұл жиынға бизнес өкілдері де қатысты. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау мәселелерін талқылау барысында агронесиелерді бөлу кезінде аймақтардың әртүрлі климаттық жағдайлары мен ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы айтылды. Депутаттар барлық өңірлер үшін бір жалпы ереже емес, өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, субсидиялаудың жекелеген нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу идеясын қолдайтындықтарын білдірді. Осылайша Қазақстан Республикасының әр өңірінде ауыл шаруашылығына қолдау көрсетіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту әділетті.

Сондай-ақ Айдарбек Ходжаназаров пен Динара Наумова Ақшұқыр ауылындағы ешкі өсірумен және ешкі сүтін сатумен айналысатын шаруа қожалығында болды. Өздеріңіз білетіндей, ешкі сүті құрамы жағынан ана сүтіне жақын бірегей өнім. Ешкі фермасының қызметкерлері өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр, ол үшін жеңілдетілген қаржы қажет.

Бұдан кейін халық қалаулылары «Құрық портында» болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кету керек «Құрық порты» - Каспий маңы елдеріне, одан әрі Еуропаға жүк тасымалдайтын транзиттік-көліктік компания болып табылады. 

 

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)