The Washington Post басылымының айтуынша, санкция салуға себеп — Қырғызстан Ресейге көрсетіп жатқаны көмек. Сондықтан АҚШ билігі Ресейге санкция салынған тауарларды жеткізуді тоқтатқызу үшін Қырғызстанның өзіне «экономикалық қысым жасауды» көздеп отыр.
Сауда айналымы туралы құжаттар Қырғызстаннан ресейлік компанияларға екі мақсаттағы тауарлардың, соның ішінде қытайлық дрондардың жеткізілгенін көрсеткен.
Басылымға жауап ретінде Қырғызстанның Вашингтондағы елшілігі “Қырғызстан билігінің контрабанда мен заңсыз саудаға қарсы екенін” мәлімдеді.