«Samruk-Kazyna Trust» қоры биыл қандай қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды

20.07.2023, 11:24
550
«Samruk-Kazyna Trust» қоры биыл қандай қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды smartnews.kz

«Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева биыл жүзеге асырылған қайырымдылық жобаларды атады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазіргі уақытта елдік 10 жобаның бюджеті 1 млрд 800 млн теңгені құрады. Бұл мәлімделген 3 млрд теңге қайырымдылық бюджетінің 60 пайызына жуықтайды. Қор кәсіпорындары бар өңірлерде жалпы сомасы 1 млрд 400 млн теңгеге 11 жоба мақұлданды. Бұған қоса, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы құрылған 3 облыста 1 млрд 200 млн теңгеге 6 жоба арқылы қайырымдылық іс-шараларын көрсеттік», - деді ол елордада өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол осы жылдың 6 айында қор тарапынан жүзеге асырылған жобаларға тоқталды.

«Soyle.kz және resmihat.kz порталдарының жұмысы арқылы мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге жәрдемдесу және насихатта жүргізіліп, азақ тілін үйрену бойынша мобильді қосымшалар мен YouTube арналары іске қосылды. Жаңаөзен жастарын қолдау мақсатында биыл 170-ден астам жоғары сынып оқушысы «Жарқын болашақ» жобасы аясында еліміздің 9 аймағындағы 40-қа жуық техникалық және кәсіптік мекемелер мен мектеп-интернаттарында оқуға стипендиямен және гранттармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жаңаөзендік 50 баланы Бурабайдағы IQanat мектебіне 10-11 сыныптарда сапалы білім алуына қор бюджетінен 55 млн теңге бөлінсе, ауылдық жерлерден осы үздік мектепте оқуға талпынған 800 жеткіншектің іріктеу науқанына қатысуына 49 млн 600 мың теңге қарастырылды. Былтырғы қайырымдылық қаражатқа Маңғыстау, Жамбыл облыстарының тұрғындарына 26 жаңа әмбебап балалардың спорт алаңын сыйладық. Оған 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды», - деді Қор басшысы.

Альфия Адиеваның айтуынша, биыл алғаш рет қордың қолдауының арқасында Алматы облысында тірек-қимыл аппараты бұзылған 200 балаға арналған спорт лагері ұйымдастырылды. 2021 жылдан бері еліміздің әр өңірінде балаларға арналған оңалту орталықтары ашылып жатыр. Биыл мұндай 21 орталық ашылмақ. Бүгінде олардың 8 ашылып, мемлекет меншігіне берілді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкология бөліміне құны 228 млн теңге болатын қан құрамын өңдеуге қажетті қондырғы сатып алынды. Сонымен қатар «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің шалғай аудандарылндағы 121 елді мекендеріне жол жартты. Пойыз үш айда 27 мың отандасымызға сапалы медициналық көмек көрсетті.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)