Бұдан былай телефон нөмірін тіркемес бұрын әуелі адамның бет-әлпетін сканерлейді

20.07.2023, 14:05
780
Бұдан былай телефон нөмірін тіркемес бұрын әуелі адамның бет-әлпетін сканерлейді smartnews.kz

Енді байланыс операторлары қазақстандықтардың бет-әлпетін сканерлеп, кейін ғана ұялы телефон нөмірін тіркейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ашық талқыға шығарылған «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» министр бұйрығы «биометриялық деректер» терминімен толыққан.

Ол – абоненттің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес мәлеметтер.

«Абоненттік құрылғылар республика азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерін дұрыс сәйкестендірусіз онлайн сервис арқылы тіркейді. Бұл проблеманы абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланады. Осылайша, құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмайды. Осы қылмыстарды азайту және алдын алу мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттігі туралы шешім қабылданды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр Бағдат Мусиннің бұйрық-жобасында.

Жаңа талап енгізілсе, онда ұялы байланыс операторлары абоненттерден биометриялық деректерді (адамның бет-әлпеті) жинап, кейін оған қызмет көрсету шартын жасасады.

Бұйрық жобасы 3 тамызға дейін көпшілік талқыда болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді