“Неліктен артық бала қабылдаған": Қызылорда облысында балабақшада төсекке сыймаған бүлдіршіндерді еденге жатқызған

20.07.2023, 18:21
960
“Неліктен артық бала қабылдаған": Қызылорда облысында балабақшада төсекке сыймаған бүлдіршіндерді еденге жатқызған Үйтолған Жареке

Желіде Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы балабақшадағы бүлдіршіндердің жартысы еденде ұйықтап жатқан суреттері пайда болды. Желі қолданушысы балалардың осындай күйіне орын тапшылығының себеп болғанын және басшылықтың жемқорлықпен айналысып отырғанын ашық жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Facebook желісінің қолданушысы Үйтолған Жарекенің айтуынша 140 орындық балабақшаға басшылық 181 бүлдіршінді қабылдаған. Осылайша артық қабылданған балалардың ата-аналарынан күніне 600 теңгеден алып қалтасына басып отырған. 

Ал мектепке дейінгі мекемеде қызметкерлерге қалыпты еңбек жағдайының жасалмағанын, кейбіреулерінің мамыр айынан бері жалақылары төленбегенін қоса кетті. Одан бөлек мұнда басшылықтың туысқандары қызметке тұрып жалақы алған. Ал тәрбиешілер баланың көптігі мен маманның аздығынан сағаттарынан көп мөлшерде демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр болған. Соған қарамастан оларға жалақылары жөнді берілмеген екен. 

“Неліктен балабақша басшылығы артық бала қабылдаған? Нәтижесінде тәрбиелеуші физикалық та моральдық та жағынан қиналып жүр. Ал ас мәзірінде балаларға арналған тағамдардың жиі берілмейтіні тіптен сұмдық. Суретте көріп отырғаныңыздай, бір төсекте  3 бала және тағы кішкентай бүлдіршін жерде жатыр. Бұл баланың денсаулығына кері әсер етпей ме? Ал ата-ана болса, баламыз балабақшада талапқа сай тәрбиеленіп жатыр деп ойлайды. Баласының еденде ұйықтайтынын біле ме екен?”, – деді Үйтолған Жареке.

Бұл жазбаға облыстық білім басқармасы жауап берді. Шенеуніктер аудандардағы балабақшалардың жағдайын тексеретін арнайы жұмыс тобын құрды.

"Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізіліп, заң аясында шешімдер қабылданды", - деп түсіндірді ведомстводан.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады