Өнім аз болуы мүмкін: дәнді дақыл егілген алқаптардың 40%-ы нашар күйде

20.07.2023, 18:53
832
Өнім аз болуы мүмкін: дәнді дақыл егілген алқаптардың 40%-ы нашар күйде smartnews.kz

Қазақстанда дәнді дақылдар егілген алқаптардың 40%-ға жуығы нашар күйде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Өсімдік шаруашылығы мониторингі бөлімінің мамандары егіс дақылдарының жай-күйіне спутниктік бағалау жүргізді. 10 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары егілген алқаптары ауданының жай-күйі Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша бағалануы: өте жақсы – 1 059 681,15 гектар (жалпы алқаптың 6,4%-ы), жақсы – 2 052 346 гектар (жалпы алқаптың 12,4%-ы), қанағаттанарлық – 6 910 060,5 гектар (жалпы алқаптың 41,9%-ы), нашар – 4 333 005,2 гектар (жалпы алқаптың 26,3%-ы), өте нашар – 2 129 328,2 га (жалпы алқаптың 13%-ы)», - делінген «Қазақстан Ғарыш Сапарының» зерттеу деректерінде.

Ұлттық компания мәліметіне сай, жай-күйі «нашар» және «өте нашар» деп бағаланған алқаптардан алынатын өнім көлемі аз болуы мүмкін.

«Өсімдік шаруашылығының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша ақпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментіне беріледі. Жалпы, Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша жай-күйі «нашар» және «өте нашар» деп бағаланатын дақылдар анықталған жағдайда өнімділіктің төмендеуіне немесе оның толық болмауына әкелуі мүмкін», - деп жазылған «Қазақстан Ғарыш Сапарының» хабарламасында.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді