Қазақстандықтардың 34% ғана өз қаржылық жағдайына көңілі толады
Қазақстанда «халықтың өмір сүру сапасы» бойынша сауалнама жүргізілді. Нәтижесі туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің жалпы 41 пайызы өз өміріне қанағаттанатынын айтқан. Олардың басым көпшілігі ауылдық жерде тұрады (ауылда – 46,5%, қалада – 39,6%).
Сондай-ақ, өз өміріне көңілі толатын ерлердің үлесі – 45,4%, әйелдер – 39,5%.
Сауалнамаға қатысушылардың тек 34%-ы өз қаржылық жағдайына қанағаттанады.
Жұмыс істейтін респонденттердің 94,4% елдегі жұмыссыздыққа — “жалақының аздығы” себеп екенін айтады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші