«Пышақ тақап, мені қорқытты»: екі әйелді қатар алған жігіттің жары жан сырын ақтарды

21.07.2023, 10:01
4272
«Пышақ тақап, мені қорқытты»: екі әйелді қатар алған жігіттің жары жан сырын ақтарды massaget.kz

Жақында әлеуметтік желіде шымкенттік жігіттің бірден екі қызға үйленгені туралы видеолар тараған болатын. Бұл туралы жігіттің өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында жазып жүр. Алайда сол екі қыздың бірі – Фариза Massaget сайтына шын мәнінде қазіргі жағдайы қандай екенін әңгімелеп берді.

Бірден екі әйел алған жігіттің видеосы наурызда әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түскен болатын. Көптеген адам бұл жай хайп деп, сенбеген еді. 

Өзін Ержан мырза деп атайтын жігіттің екі әйелінің бірі болған Фариза хабарласып, бар жағдайды түсіндіріп, көмек сұрады. Айтуынша, Фариза бүгінде ол үйден кетіп қалған. Ал бастапқыда күйеуі тағы бір әйел әкелетінінен бейхабар болған екен. 

Негізі біз екеуміз үйленбек болғанбыз. 16 наурызда «тәтті шай» болды. 17 наурызда мені келісіп алып кетті. Сол сәтте көліктен бір қызды көріп қалдым. Бірақ тағы бір әйел әкеле жатыр деген ой болмады. Үйіне барған кезде ол қыздың бала көтеріп қалғанын білдім. Ол кезде қыздың жасы 17-де еді, қазір 18-де. Маған жағдайды түсіндіргеннен кейін мен қалдым. Бірақ үшеуміз туралы әлеуметтік желіге салып жібергенін қаламадым. Біздің өміріміз туралы әлеуметтік желіге салуына қарсы болған кезімде мені ұрып-соғу басталды. Қазір ол үйден қашып кеттім. Ол үйде тұрмаймын, - дейді Фариза. 

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі әлі күнге дейін хабарласып, кездесуді сұрайды екен.

«Суреттеріміз бен видеоларымызды әлеуметтік желіге әлі күнге үшеуміз бір үйде тұратындай салып тастайды. Тікелей эфирлерге кіріп, мен әлі сол үйде тұратындай айтып отырады. Бірақ менің ол үйден кеткеніме екі айдай уақыт болды. 

Ажырасатындай қалың мал беру деген секілді басқа да дәстүрлер орындалмады. Анасы екеуі келіп,«жағдайым жоқ» деп айтты. Мен екі әйел болып тұрмаймын деген кезде маған пышақ тақап, қорқытты. Мені қорқытып-үркітумен ұстап отырды. Полицияға дейін шағымдандым. Бірақ ешкім ешнәрсе істей алмады. Себебі полицейлер ол оның жеке өмірі болғандықтан ешнәрсе істей алмайтынын айтты. Оқиға Шымкенттің өзінде болған. Қазір ол екінші әйелімен тұрып жатыр, мен оған еш қарсы емеспін, - дейді Фариза. 

Фариза бұрынғы күйеуі өзінің суреттерін парақшасына салмаса екен деген өтінішті ғана айтты. 

Менің мазамды алмаса деймін. Мен ол үйде тұрмасам да бұрынғы фото, видеоларымызды пайдаланып, әлі күнге дейін үшеуміз бірге бір үйде тұратындай салып жүр. Оның бәрін әлеуметтік желіде оқырман жинау үшін істеп отыр. Мен оған қарсымын. Себебі менің өз өмірім, болашақ өмірім бар шығар? Мені көрген адамдар бетіме басқанын қаламаймын. Әлеуметтік желіде салған суретінде менің көзім көгеріп тұр. Себебі мен оның алдында салма деп қарсы болған едім. Осылайша мені ұрып жіберген. Қазір екінші әйелі де маған хабарласып, мазақтап, күйеуі екеуі бірігіп, әрнәрсе айтады. Осы күнге дейін екі ай бойы ештеңе демедім. Ал қазір шегіне жетті. Жасырын нөмірмен хабарласып, балағат сөздер айтады, - деп қынжылды Фариза.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды