Qazaq Air бортында темекі шеккен Қытай азаматы ұсталды
Қазақстандық әуе компаниясының ұшақ бортында темекі шеккен қытайлық азамат ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берген.
Полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады.
Аталған факт бойынша шетел азаматына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.