Түркияға бармақ болғандар алаяққа алданып қалды

21.07.2023, 15:08
568
Түркияға бармақ болғандар алаяққа алданып қалды smartnews.kz

Алаяқтың жалған хабарламасына сеніп, павлодарлық тұрғын 480 мың теңгесінен айырылып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алаяқтар Instagram желісінен аккаунт ашып, туристік агенттік ретінде жалған мәліметтер жүктеп отырған. Сондай-ақ тиімді турлар ұйымдастырып, әртүрлі жеңілдіктер ұсынған. 

«34 жасар әйел адам желідегі көп адам жазылған парақшаға еш күдіктенбестен, өз ұялы телефон нөмірін берген. Артынша оған WhatsApp желісінен белгісіз ер адам жазған. Ол өзін турагенттіктің бас директорымын деп таныстырып, екі адамдық тур үшін 480 мың теңге ақысын беруді сұраған», – дейді полиция өкілдері.

Кейіннен ер адам жәбірленушіге карта нөмірін жіберген. Ақша түскен соң қыздың нөмірін қара тізімге қосып, ізім-ғайым жоқ болған. Қазірде қолда бар ақпараттар арқылы құқық қорғаушы органдар қылмыскердің кім екенін анықтап жатыр. 

Сондай-ақ қазірде алаяқтар танымал турагенттік сайттар мен парақшаларын айнытпай көшіретінін полиция өкілдері айта кетті. Мұндай жағдайда барынша мұқият болып, алдын-ала төлемді сенімді өкілдерге беру керегін ескертеді. Қазірдің өзінде Павлодар өңірінде жалған турагенттікке алданған 11 адам полицияға шағым түсірген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды