"Төркініне кетіп қалды": Тәуекел Мүсілім әйелімен келіспей қалғанын айтты

21.07.2023, 15:41
14563
"Төркініне кетіп қалды": Тәуекел Мүсілім әйелімен келіспей қалғанын айтты Ашық дерек көздерінен

Елімізге белгілі актер Тәуекел Мүслім “Осколки” подкастында жұбайы Махаббатпен арада болған келіспеушіліктер жайлы жасырмай айтты.

“Қиын кезеңдерді бастан өткіздік. Бір-бірімізге үйренісе бастаған кезіміз. Кездесіп жүргенде бәрі жақсы, қызық. Ал тұрмыс мүлдем басқа кезең, басқа атмосфера. Дегенмен біз әңгімелесіп, сөйлесудің арқасында осы тұрмысқа да бояу беруді, қызықты қылуды үйрендік. Біз осылайша отбасымызды сақтап қалғанбыз. Себебі, бірде ол төркініне, ата-анасына кетіп қалды. 

Мен де: "Бір-бірімізден демалайық", – дедім. Егер біз әрі қарай сөзге келе берсек, жағдайды ушықтырып алар едік. Кейін қайта сөйлесіп, арақатынасымыздағы кемшіліктерді тауып, дұрыс қарым-қатынас құра бастадық. Үлкеніміз Айтөре туды, кейін Әмір дүниеге келді. Тіпті кейде: "Біз көптен бері ұрсыспай кеттік қой", – деп әзілдесеміз. Қазір бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Екеуіміздің өмірге деген көзқарасымыз бір: дамығымыз келеді, қызықты дүниелерді зерттейміз. Бұл бізді жақындастырады”, – дейді актер.

Желі қолданушылары да өнер иесінің бұл сөзімен толықтай келісетінін жеткізді.

“Қиын кезеңдер бәрінің басынан өтеді. Бастысы өзіңді жаныңдағы адамның орнына қойып көру керек”, “Толықтай келісемін. Қандай жағдай болмасын, адам бір-бірімен ішінде не болып жатқанын ашып айту керек”, “Instagram-ын қарасаң мін таппайсың. Сөйтсем, бұлар да ет пен сүйектен жаралған адамдар”, “Бір-біріңмен сөйлесу керек”, – деп жазды желідегілер.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады