Масс-медиа 70 пайыз қазақша сөйлейтін болады – Дархан Қыдырәлі

21.07.2023, 16:23
932
Масс-медиа 70 пайыз қазақша сөйлейтін болады – Дархан Қыдырәлі smartnews.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа» туралы жаңа заңның жобасында мемлекеттік тілге қандай басымдықтар беру ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бұған дейін баспасөз тілі 50/50 қағидатымен жұмыс істегенін білесіздер. Біз оны өзгертіп, қазір 70/30 болсын деп жатырмыз. «Масс-медиа» туралы жаңа заң қабылданса, бүкіл ақпарат, жалпы еліміздің бүкіл масс-медиасының тілі 70 пайызы қазақша болады», - деді министр халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайында.

Ведомство басшысы мұндай талап Тіл туралы доктрина жобасына да ұсынылғанын атап өтті.

«Сонымен қатар қазақ тілі туралы доктрина әзірленіп жатыр. Сол доктринаға да енгіздік. Осында вице-министр отыр. Тіл туралы доктринаның ішіне ақпарат саласында қазақ тіліне басымдық беру туралы ұсыныстар енгіздік», - деді Дархан Қыдырәлі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады