АҚШ санкциясынан кейін Украина СІМ Қырғызстан елшілігін шақыртты
Украина Сыртқы істер министрлігі қырғыз компанияларына салынған санкцияға байланысты Қырғызстан елшісін шақырту жіберді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Украина сыртқы істер министрлігі Қырғызстан Ресей әскери техникасына қажетті тауарларды жеткізгенін сынады. Сондай-ақ бұл әрекет Украинаға қарсы басқыншылық соғысты қолдауға бағытталған, достыққа жатпайтын акт деп бағалады.
Украина билігі бұл іске қатысты Қырғызстаннан түсіндірме талап етіп отыр.
Еске сала кетсек, 20 шілдеде АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің соғыс қажеттілігіне пайдаланылуы мүмкін тауарды жеткізгені үшін Қырғызстанның 4 компаниясына, дәлірек «RM Design and Development», «ГТМЕ Технологии», «Прогресс лидер» және «Карголайн» компанияларына санкция салған болатын.