Семейдегі қарттар үйі тексеріліп жатыр

21.07.2023, 17:11
1040
Семейдегі қарттар үйі тексеріліп жатыр egovpress

Қарттар үйінің қызметіне қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған жағдайды Абай облысы әкімі өз бақылауына алмақ. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Желіде таралған видео мен фотосуреттерде көрсетілген фактілерді жан-жақты тексеру үшін ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобы іске кіріскен.

Тексеруші жұмыс тобы мекеменің қамқорлығындағы азаматтардың жағдайын, тамақтануын, киіммен, медициналық дәрі-дәрмекпен және емдеу шараларымен қамтылуын тексермек.

Сондай-ақ ведомство өкілдері әлеуметтік желіде таралған бейнероликте көрсетілген азаматтар (төсекке таңылған, салмақ жоғалтқан және т.б.) паллиативтік топта, яғни ауыр сырқаты бар, әрі ерекше қамқорлықты қажет ететін бөлімшеде жатқанын ескертті. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың денсаулық жағдайы және салмақ жоғалтуы ұзақ уақыт төсекке таңылуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл топта жатқан азаматтарға (асқазан қатерлі ісігі, деменция, прогрессивті дисциркуляторлық энцефалопатия, қан айналымының бұзылуы (ОНМК.), оң жақ гемипарез және т. б.) аса ауыр диагноздар қойылған.

«Төсекке таңылған, қозғалуы шектелген науқастардың жағдайын тексеру барысында: көп жатқаннан пайда болатын жаралардың жоқтығы, киімдері, төсек жабдықтары таза екені тіркелді. Бұл азаматтарға нормативтік ережелерге сәйкес техникалық пен тазалық қызметтің уақытылы әрі үнемі жасалғанын көрсетеді», - дейді Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобының қорытындысына сәйкес тексеру жүргізу және процессуалдық шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолдамақ.

Мониторингтік топтың жұмысы мен тексерулер кезінде мекеме әкімшілігінің араласуына жол бермеу мақсатында Орталықтың директоры өз еркімен жұмыстан уақытша шеттетілген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады