Лицензиясынан айырылған банктер депозит ақшасын қалай қайтарады

21.07.2023, 19:34
665
Лицензиясынан айырылған банктер депозит ақшасын қалай қайтарады smartnews.kz

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Әділ Өтембаев лицензиясынан айырылған банктер депозит ақшасын қалай қайтаратынын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылардың сол банктегі депозиттерде, шоттарда және төлем карточкаларында жатқан ақшалары мына заңнамада белгіленген шекті мөлшерде клиенттерге қайтарылады:

- теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 20 млн теңге;

- теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша – 10 млн теңге;

- шетел валютасындағы депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша – 5 млн теңге», - дейді қор басшысы.

Айтуынша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың депозиттері төленетін өтем лимитін үнемі қайта қарап отырады.

«Олардың мөлшерін арттыру бағытында дер кезінде шара қолданып отыру маңызды. Мысалы, депозиттергке кепілдік беру жүйесі құрылғалы бері күні бүгінге дейін максималды кепілдік сомасы 100 есе артты. Қор депозит нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеке тұлғалардың депозиттеріне шекті (максималды) сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу саясатын жүргізеді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің өктем әрекеттеріне шектеу қою үшін ай сайын максималды сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді. Ұлттық Банктің монетарлық саясатының талаптары өзгерген жағдайда да осындай шара қабылданады», - деді Әділ Өтембаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды