724

Байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты тексеріс басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты тексеріс басталды
smartnews.kz

«Байланыс операторларының тарифтерді өсіру туралы хабарламасы бойынша қазір агенттік құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүріп жатыр. Тұтынушылардың шағымдары алынды, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, бағаларға мониторинг жүргізіле бастады. Бұл ретте агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тексеру барысында ғана белгілей алады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, тарифтер негізсіз көтерілген болса, заң бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 159-бабына сәйкес субъектілер өз үстемдігін пайдаланып, жоғары баға белгілеп, оны ұстап тұру жағдайы анықталса, айыппұл қарастырылады. Заң талабына сәйкес монополиялық әдіспен табылған жыл ішіндегі кірістердің бес пайызы тәркіленеді», - дейді агенттіктен.