Жас мергендер Қазақстан қоржынына тағы 4 жүлде қосты

22.07.2023, 13:03
491
Жас мергендер Қазақстан қоржынына тағы 4 жүлде қосты Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында Қазақстан қоржыны 4 жүлдеге көбейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жылжымалы нысана көздеуде (10 м) Қазақстан әйелдер құрамасы Украинадан басым түсіп, чемпион атанды. Әпкелі-сіңлілі мергендер Зухра мен Фатима Ирназарова, Александра Садуакасова осы жаттығудағы ересектер арасындағы әлем рекордын жаңартты (1686 ұпай).

Ал осы сында еліміздің ерлер құрамасы Украина спортшыларына жол беріп, күміс медаль иегері атанды. Құрама сапында Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко бақ сынады.

Сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуде жекелей сында Фатима Ирназарова тұғыр биігінің 2-сатысынан көрінді. Фатиманың іріктеуде жинаған 572 ұпайы жасөспірімдер арасындағы жаңа әлем рекордын орната алды.

Тағы бір отандасымыз Александра Садуакасова қола медаль үшін матчта украиналық Алина Ткаликтен жеңіліп қалды. Ал Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен (стандарт) оқ атуда күміс жүлдеге ие болды (572 ұпай).

Осыған дейін Никита Чирюкин алтын, Арина Алтухова күміс жүлдеге қол жеткізген.

Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген