Астанада Есіл арқылы өтетін жаңа көпір салынады

22.07.2023, 13:52
833
Астанада Есіл арқылы өтетін жаңа көпір салынады Астана әкімдігі

Астанада бірқатар көпірлерге реконструкция мен жаңа көпір салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тәуелсіздік көпірінің құрылысы, Алаш-Бөгенбай батыр тас жолы бойындағы жол өтпесін реконструкциялау, Пушкин көшесі бойындағы жол өтпесін жөндеу («Можайский» көпірі) жүріп жатыр.

Сондай-ақ Тілендиев даңғылы-Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу жұмысы жүргізілмек.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жол жұмысы құрылысының барысымен және жол-көлік желісін дамытудың перспективалық жоспарымен танысты.

Жаңа көпір Кенесары көшесінен Есіл өзені арқылы өтпек (КазГЮУ университетінің ауданы) жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл көпірдің құрылысы келесі жылы басталмақ.

«Биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Биыл 70-тен астам көше салынып, жөнделеді. Бұл Керей-Жәнібек хандар көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін, Мәңгілік Ел даңғылы Салтанатты қақпадан Хусейн бен Талал көшесіне дейін, Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау, Кенесары көшелері Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейін, Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін, Иманбаев көшесі Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін, Әл-Фараби даңғылы Алаш көшесінен Пушкин көшесіне дейін, Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейін, Еңбекшілер көшесінің құрылысы Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейін, Рысқұлов көшесі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Қайсенов көшесіне дейін, Сарыарқа, Р.Қошқарбаев даңғылдары және т.б. тағы 300 көше ағымдағы жөндеумен қамтылады. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды», - дейді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар, биыл Елордаға 400 жаңа автобус жеткізілмек. Олардың 90-ы қалаға келген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды