Ливанда қаңғыбас ит қоқыста жылап жатқан тастанды сәбиді құтқарды

22.07.2023, 18:32
540
Ливанда қаңғыбас ит қоқыста жылап жатқан тастанды сәбиді құтқарды @Farid_1986_fm/Twitter

Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында адам сенгісіз таңғажайып оқиға болды. Қаңғыбас ит қоқыс дорбасына салынған кішкентай сәбиді құтқарды. Оны белгісіз біреулер муниципалды ғимараттың жанына тастап кеткен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты The National басылымына сілтеме жасап.

Өтіп бара жатқан адам иесіз иттің қоқыстан бір дорбаны шығарып, аузында тістеп тұрғанын көріп қалады.

Қара қапшықтан баланың қыстығып жылаған даусы естіледі.

Ол қызды дереу Триполи мемлекеттік ауруханасына жеткізді.

Желіде тараған фотосуреттен нәрестенің беті мен денесінде қызарған және көгерген жарақат ізі бар екенін көруге болады.

Баланың жасы туралы қарама-қайшы деректер айтылды.

Кейбір ақпарат көзі оның шамамен 4 айлық екенін хабарласа, басқалары қоқысқа тастағаннан бірнеше сағат бұрын ғана дүниеге келген шақалақ деп мәлімдеді.

Интернетте осы хабар тараған кезде көптеген әлеуметтік желі қолданушылары қызды асырап алғысы келетінін жазды.

«Кейбіреулер итті таза емес жануар дейді. Әрине, бұл олай емес, — деп жазды бір қолданушы әлеуметтік желіде. - Иттің адам кейпіндегі кейбір мутанттарға қарағанда адамгершілігі, мейірімі, қулығы мен ақыл-ойы әлдеқайда көп».

«Жануарлар адамға қарағанда әлдеқайда жанашыр», — деп жазды тағы біреуі.

Жергілікті БАҚ қыздың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп хабарлады.

Аурухана қосымша ақпарат берген жоқ, өйткені сәрсенбіден бері ел ислам Жаңа жылын тойлап жатыр, яғни мемлекеттік мекемелер мерекеге байланысты жабық.

Полиция бұл оқиғаны зерттеп, баланы тастап кеткендерді іздеп жатыр

Айгүл Иманбаева Мадрид пен Парижде жеке ән кешін бермек (ФОТО) «Ғашық боп қалдым»: Индира Расылхан тұрмысқа шыққалы жатыр Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды Павлодарлық әйел 4 айлық сәбиін аяусыз ұрып тастаған Бішкекте Ресей атынан соғысуға әскер жинаған күдіктілер үйқамаққа шығарылған «Баламыз болады»: әзілкеш Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО) Трамптың билікке келгеніне – 100 күн: АҚШ пен әлемде не өзгерді? «Мылтығым болғанда, Шерзатты қорғайтын едім!»: марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабын прокурор оқып берді «Маникюрден шыққан»: теміржол станциясының маңынан зейнеткердің мәйіті табылды Мемлекет пәтер сыйлаған жас жігіт жатын бөлмесіне Қазақстанның туын іліп қойды (ВИДЕО) Трамп: Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын Ақтауда далаға кір жайған тұрғын жазаланды (ВИДЕО) 17 жылға сотталған бұрынғы Атырау әкімі Бергей Рысқалиев сакура тамашалап жүр (ВИДЕО) «Сипалады»: Семейде мұғалім оқушы қыздарға қол жүгірткен (ВИДЕО) «Нұрғанат бізге қаратып оқ атты»: екінші куәгер қыз жауап берді Шерзаттың өліміне куәгерлер: «Абзал «ешнәрсе айтпаңдар, бұл біздің «тема» деді» Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын үйі халықтың қажетіне жарайтын болды Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде өрт қаупі сақталады 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Димаш Құдайбергеннің қарындасы сырғалым атанды