Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе мектебі оқушыны бет-әлпетін тану арқылы кіргізеді

22.07.2023, 18:58
623
Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе мектебі оқушыны бет-әлпетін тану арқылы кіргізеді Aktobe_region

Ақтөбедегі мектепте Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің және төлем жасаудың биометриялық жүйесі енгізілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 IT мектеп-лицейінде пилоттық режимде балалар мен педагогтарға арналған мектепке биометрия арқылы кіру енгізілді.

Alaqan Мektep жүйесі идентификатор ретінде алақан тамырларының биометриясына негізделген, ол саусақ ізімен салыстырғанда күрделірек және өзіндік ерекшеліктері бар.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жүйенің жұмыс істеу барысымен және оның артықшылықтарымен танысты.

Мектеп-лицей өкілдерінің айтуынша, Alaqan Mektep - білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай экожүйе.

Алақанды сенсорға қою арқылы оқушылар кітапханадан кітаптар алып-тапсырып, асханада төлем жасай алады.

photo

Ал ата-аналар баланың мектептен келу және кету уақыты туралы біле отыра, мобильді қосымша арқылы асханада балаларының мәзірі мен шығындарын бақылай алады.

Alaqan Mektep көмегімен кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы оның қызметін жаңа деңгейге шығаруға, мектептер арасындағы кітаптар қозғалысының процестерін цифрландыра отырып, өңірдегі барлық мектептердің бірыңғай кітап қорын құруға мүмкіндік береді.

«Білім беру нысандарында басым міндеттердің қатарында қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Жобаның тиімді жүзеге асуы нәтижесінде оның ауқымын кеңейту мәселесі қарастырылады», - деп қорытындылады облыс әкімі.

photo
Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады