Илон Маск Twitter логотипін өзгертеді

Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск брендтің логотипін өзгертетінін жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Илон Маск Twitter логотипін өзгертеді
pixabay.com

Ребрендинг жайында ол өз парақшасында хабарлады.

«Жақында Twitter брендімен және бірте-бірте бүкіл құстармен қоштасамыз», - деп жазды ол.

Twitter иесі өз парақшасында жаңа логотиптің кейбір нұсқаларын ұсынды.

Илон Масктың айтуынша, құс X-пен алмастырылады. Өйткені бұл адамдардың мінсіз еместігін, кемшіліксіз жан болмайтынын білдіреді.

«Бұл бізді осындай бірегей етіп тұрған бүкіл кемшіліктерді көрсетеді», - дейді ол.

Ол өз нұсқасын ұсынып қана қоймай, қолданушыларды жаңа логотипті таңдауға атсалысуға шақырды.

«Егер бүгін кешке бәріне ұнайтын жарасымды логотип табылса, күні ертең ребрендинг бірден жасалады» деп жазды Илон Маск.