Бас прокуратура Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады
Бас прокуратура жақында басы дауға қалған боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады. Комитет порталында боксшыға іздеу жарияланғанына 2 күн болған.
Еске сала кетсек, Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген. Ер адамның баласы аутист екені де белгілі болды. Оқиғадан соң бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қатаң жазаға тартылатыны хабарланған еді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев айтқан болатын.