Ресей СІМ: Қырғызстанның қырғыз тілі туралы заңы –демократияға сай емес

24.07.2023, 13:36
1100
Ресей СІМ: Қырғызстанның қырғыз тілі туралы заңы –демократияға сай емес bangkokbook.ru

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстанның мемлекеттік тіл туралы заңына қарсылық білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

19 шілде күні Мәскеуде коммерциялық емес ұйым жетекшілерінің кездесуі өтті.  Кездесуде Ресейдің СІМ Сергей Лавров орыс тілі мен мәдениетін шетелде насихаттау жөнінде сөз сөйледі. Баяндамасында Лавров ТМД кеңістігіндегі жағдайлар күрделеніп кетті деп баға берді. Министрдің бұлай деуіне Қырғызстанның қырғыз тілі мәртебесіне қатысты қабылдаған заңы түрткі болған. Ол бұл заң арқылы Қырғызстандағы орыс тілінің мәртебесі төмендейді деп қорқады.

«Бірнеше ай бұрын Қырғызстан заң қабылдады. Бұл идея пайда болған сәтте-ақ біз саяси достарымызға Қырғызстанда қырғыз тілін жаппай міндеттеу – демократияға сай емес екенін ескерттік», – дейді Сергей Лавров.

Еске сала кетсек, 17 шілдеде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жаңа заңға қол қойған. Заңда бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге, сондай-ақ қызметін орындау кезінде пайдалануға міндетті саналды.

Заңда орыс тіліне қатысты дискриминация жоқтығына қарамастан, Ресей СІМ-і жаңа заңның қабылдануына осылай наразылығын білдірген.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады