Шымкентте полиция қызметі басшылары сотталды

24.07.2023, 15:37
596
Шымкентте полиция қызметі басшылары сотталды smartnews.kz

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшылары жүйелі жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарылғанын мәлімдеді. Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотталғандар Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасымен әшкереленген болатын. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен жұмысы жалғасып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды