Елімізде жарты жылда 16,6 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді

24.07.2023, 15:56
498
Елімізде жарты жылда 16,6 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді smartnews.kz

Биылғы алты айда Қазақстанда аумағы 7,1 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3% артық, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен алты ай мен биылғы жарты жылды салыстыратын болсақ, өңірлер арасында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы бойынша Абай облысы көш бастап тұр: өсім – 56,3%. Одан кейінгі орында 43,4% өсіммен Шымкент қаласы, 39% – Жетісу облысы.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында еліміз бойынша 16 677 тұрғын үй нысаны іске қосылды. Оның ішінде 16 083 – жеке үй, 574 – көппәтерлі үй, қалған 20 – жатақхана.

Көпқабатты үйлерде 63,1 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық. Көпқабатты үйлердің 7,6%-ын мемлекеттік құрылыс компаниялары, 91,2%-ын жеке компаниялар, 1,2%-ын шетелдік компаниялар салған.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде де тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша өсім байқалды. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында ауылдарда 1,6 млн м2 астам тұрғын үй берілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды