Сахарадан ауған ыстық Түркияға жақындап қалды

24.07.2023, 16:41
580
Сахарадан ауған ыстық Түркияға жақындап қалды smartnews.kz

Күннің шектен тыс ысып кетуінің адамға алып келер жайсыздығы өте көп.

Созылмалы аурулар қозады, мұрыннан қан кетеді, жедел жәрдем шақырушылар көбейеді. Ал мұндайда табиғи өрт қауіпсіздігінің артатыны да түсінікті.

Осы күндері Африкадағы алып Сахара шөлінен ауаға алапат ыстық тарап, желдің ыңғайымен Еуропаға қарай бер алды деп жатыр. Сахарадан ауған ыстық Түркияға жақындап қалыпты. Құмды шөлдің үстінде табиғи жолмен болған термиялық жарылыстың, яғни кейде әуе толқындарында өздігінен орын алатын  жарылыстың салдарынан тараған аптап ыстық Түркияның оңтүстігіне жетіп жығылған көрінеді. Жерорта теңізінің жағалауындағы ауа температурасы кешегі сенбі-жексенбі күндері 45 градусқа шықты, теңіз суы 26 градусқа дейін жылынды. Стамбулдағы, Анкарадағы және Түркияның солтүстігіндегі ыстық 35 градус болып тұр. Ыстық Еуропаның өзге аймақтарына да жетеді, Исландияда ауа температурасы 35-40 градус болады делінген. Аптап ыстық Германия мен Францияға жетпесе керек. Ол елдерде шамамен 25 градус сақталады деп жатыр.

Сахараның ыстығы біздің аймақтарға жанама болса да әсер етті ме кім білсін, демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында күн бірден ысып, 40 градусқа жетті. Бүгін де күн ыстық болған аймақтар бар. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел тұрады делінген. Ыстық күнде бұл өте қауіпті. Маңғыстау облысында ыстық 42 градусқа көтерілетіні айтылған. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында аптап ыстық 43 градусқа шығып, үш-төрт күн сақталатыны болжанған. Секундына 15-20 метр ыстық жел тұрып, өрт қауіпсіздігін күрт арттырады деп ескерткен. Осындай ыстық пен өрт қауіпсіздігі Қызылорда облысында да үш-төрт күн сақталатын көрінеді. Алматы облысының кей жерлерінде де ауа температурасы 39-42 градус аралығында болып жатыр. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 35-39 градус ыстық 26 шілдеге дейін тұрады, ыстық жел соғады делінген. Ұлытау облысында да ыстық 39 градусқа баратын көрінеді.  Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ыстық 35-36 градус болып жел тұрса, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында одан төменірек болады деп жатыр. Қалай болғанда да, осы аптаның ішінде барлық өңірлерде өрт қауіпсіздігі артпай тұрмас. Ал табиғи өрттің алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметі сақадай сай болуы керек.  

Мысалы, бірер күн бұрын дала өртінің алдын алу, табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының орман шаруашылығы мекемелері, мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен өрт сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен оқу- жаттығу жиыны өтті. Мұны дер кезіндегі маңызды шара деуге болады. Оқу-жаттығу жиынында өрт сөндіру бөлімдерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің әрбір жеке құрамдарының, ауылдық округтердегі ерікті жасақтардың және медициналық қызметкерлердің дайындығы тағы да бір рет пысықталды. Мамандар өрт аумағын дереу ауыздықтап, от шарпыған аумақты өшірді. Ситуациялық сәтті бақылап отырған басшылық құрам өткізілген  оқу-жаттығуға оң бағасын берді. Осындай оқу-жаттығу жиыны өзге өңірлерде де өткізіліп жатса құба-құп.

Демалыс орындарында өрт қауіпсіздігін сақтамаудың кесірінен қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Жаз шыға төтенше жағдай мекемесінің сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізсе жақсы. Мысалы, жақында Жамбыл облысының Сарысу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері,  «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінде балалар мен тәрбиешілерге өрттің алдын алу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сондай- ақ, суға түсудің қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері, биіктіктен құлаудан сақтану туралы айтылып, балалар мен тәрбиешілерге жадынама парақшалары таратылды. Аптап ыстық күндері  адамдардың су жағалап кететіні рас. Бұл да қауіпті, әсіресе балаларға бас-көз болмаса қиын-ақ. Сарысу  ауданындағы сияқты профилактикалық жұмыс өзге жерлерде де өткізіліп жатса ешбір зияны жоқ, тек қана пайдасы бар іс-шара болар еді. Әрине, күннің ыстығында балалар суға түсіп салқынданып алуды  әдетке айналдырғаны баршаға аян. Алайда бейқам балалар көбіне суға түсу ережелерін сақтай бермейтіні тағы бар.

Сахарадан тараған аптап ыстықтың лебі болар, біздің өңірлерімізде де бірер күн осындай ыстық пен жел тұратын сияқты. Бұл күндер төтенше жағдайсыз, жеңіл өтсін дейміз.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді